Жаңалықтар

«Ұлттық құндылықтарға негізделген білім беруді ұйымдастыра отырып, мектепке дейінгі жастағы балаларды жан-жақты дамыту» тақырыбында қалалық мобильді семинар жоғары деңгейде өтті.

18.02.2026 жылы N10 «Толқын» бөбекжай базасында «Ұлттық құндылықтарға негізделген білім беруді ұйымдастыра отырып, мектепке дейінгі жастағы балаларды жан-жақты дамыту» тақырыбында қалалық мобильді семинар жоғары деңгейде өтті.

» Ұлттық құндылықтарға негізделген білім беруді ұйымдастыра отырып, мектепке дейінгі жастағы балаларды жан-жақты дамыту» қалалық семинар өтті

18.02.2026 жылы N10 «Толқын» бөбекжай базасында » Ұлттық құндылықтарға негізделген білім беруді ұйымдастыра отырып, мектепке дейінгі жастағы балаларды жан-жақты дамыту» тақырыбында қалалық мобильді семинар жоғары деңгейде өтті.

«Барлығына рақмет!»челленджі

Маңғыстау облысы,Ақтау қаласы N10 «Толқын бөбекжай-балабақшасы.«БАРЛЫҒЫНА РАҚМЕТ!»ЧЕЛЛЕНДЖІ

«Адалдық дүкені» акциясы.

«Адалдық дүкені» акциясы. N10″Мұрагер» ересек тобы.Мақсаты: » Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында тәрбиеленушілердің бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, балаларды шынайылыққа, дұрыс әрекет жасауға баулу және қоғамдық тәртіпке құрмет сезімін дамыту.#адалдықдүкені

«Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күні».

10.02.2026 «Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күні». N7 «Өнер» мектепалды тобында тәрбие сағаты өтті.Мақсаты: Балаларды өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру, өрт сөндіруші мамандығын қоғамдағы рөлін түсіндіру, қауіпті жағдайларда дұрыс әрекет дағдыларын қалыптастыру. Өрт сөндіруші мамандығының қызметін, құралдарымен таныстыру. Қауіпсіздік ережелерін сақтауға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.Тәрбиеші: Оразова К.Б.

Бөбекжайымызда мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуді ұлттық құндылықтар негізінде жүзеге асыру басты міндетіміз.

Бөбекжайымызда мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуді ұлттық құндылықтар негізінде жүзеге асыру басты міндетіміз. Еліміздің ертеңі — білімді ұрпақ болса, олардың білім алар ортасы да заман талабына сай болуы шарт. Осы жолда педагогтеріміздің шығармашылығынан туындаған безендіру жұмыстары өз нәтижесін көрсетуде.

«Еңбегі адал-жас өрен» жобасы аясында ұйымдастырылған «Мамандықтар марафоны»

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Р.Қабылов» атындағы N3 жалпы білім беретін мектебі «Еңбегі адал-жас өрен» жобасы аясында ұйымдастырылған «Мамандықтар марафоны» қолөнер жұмыстарын бағалау үшін, бөбекжайымыздың бейнелеу өнері маманы — Сагындыкова Гулдана Даулеткелдиевна әділқазылар мүшелігіне шақырылды. Жоғары деңгейде өткен байқау қорытындысы нәтижесін жариялаған қазылар алқасы жеңімпаздарды дипломдармен марапаттап, қатысушыларға алғыстарын білдірді.

23.01.2026 года на базе детского сада N4 «Аққу» состоялся городской мобильный семинар.

23.01.2026 года на базе детского сада N4 «Аққу» состоялся городской мобильный семинар.Наш педагог-модератор Отарбаева Г.Э. участвовала в разделе «Коммуникация» и с детьми провела замечательные игры на тему «Волшебство монет, «Лампа чудес». С поставленной задачей и целью она справилась.

№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында бейнелеу өнері жетекшісі Сагындыкова Г.Д. Эбру технологиясы бойынша өткізді.

№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында бейнелеу өнері жетекшісі Сагындыкова Г.Д. Эбру технологиясы бойынша өткізді. Шебер-сынып барысында қызмет алушылар Эбру технологиясымен танысып, белсенді түрде қатысып, үлкен әсер алды. Іс-шара соңында қатысушылар ұйымдастырылған шебер-сынып үшін жетекшіге өз алғыстарын білдіріп, мұндай шығармашылық іс-әрекет жиі өткізілуін тілейтіндерін айтты.

Әжелер клубы

Әжелер клубы «Салт-дәстүр — асыл қазынам!» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.Мақсаты: Балаларға қазақ халқының салт-дәстүрі туралы білімдерін терендету. Ұлттық мәдениетке, халқымыздың тарихына қызығушылық, салт-дәстүрін сақтауға, дамытуға дайын балаларды қалыптастыру. Адамгершілікке, елін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.Бөбекжай қазақ тілі маманы: Капсалиева А.Б., әжелер клубы.