12.03.2026


Маңғыстау облысы Білім беру басқармасының Ақтау қаласы білім бөлімінің «№10 «Толқын» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы МКҚК
Мекен-жайымыз: Ақтау қаласы 4 шағын аудан, №12 ғимарат.
Байланыс номері: 8 (7292) 52-40-47; e-mail: yaslisad_10@bk.ru
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2025 жылғы 31 наурыздағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидағаларын бекіту туралы» №57 бұйрығына сәйкес ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығын басшылыққа ала отырып, 3 тәрбиеші бос және уақытша бос лауазымдарына конкурс жарияланады.
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының тәрбиешісі — 5,25 сағат).
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту педагогикалық білімі бар, жұмыс өтілі – кемінде 1 жыл.
Біліктілік тесттен өткен сертификат міндетті болуы тиіс.
Еңбек ақылары еңбек өтілі мен біліктілік санатына байланысты есептеледі.
Негізгі функцианалдық міндеттері:
Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі: Балалардың денсаулығын сақтау мен қорғау қызметін қамтамасыз етеді: оларды оқыту мен тәрбие беруде денсаулық сақтайтын технологияларды қолданады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талабына, жас ерекшелік топтарының үлгілік оқыту жоспары бойынша оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады, пәндік-дамытушылық ортанын қалыптастырады, балалардың шығармашылығына (ойындық, танымдық, қозғалыс, көркемөнер, еңбекке баулу) жетекшілік етеді.
Балалармен жұмыс істеу кезінде жекелей және бағыттық әдісін іске асырады.
Дамуында ауытқу байқалатын балалармен түзеу қызметі саласында еңбек ететін мамандармен бірлесе жұмыс жасайды, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу негізінде және топтағы балалардың жеке талаптарын ескере отырып тәрбие-білім беру жұмыстарын жоспарлайды.
Тәрбиелеу мен оқыту қызметін қол жеткен жетістіктерді қорытындылай отырып жоспарлайды.
Мүмкіндіктері шектеулі балалар мен қалыпты жағдайда дамып келе жатқан балалардың мектеп жасына жеткенде мүмкіндіктерінің тең дәрежеде болуын қамтамасыз ету үшін бірге тәрбиелеу және оқыту арқылы оларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады.
Мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі әрбір баламен жеке жұмыс жүргізеді.
Отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу жұмыстарының, авторлық шығармалардың негізінде педагогикалық қызметтің жаңа бағыттарын зерделеумен және оны жұмыс барысында қолданумен шұғылданады.
Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту барысында ата-аналарға консультативтік көмек беруді іске асырады. Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды.
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау,өртке қарсы қорғау ережелерін сақтайды. Білім беру процесінің барлық субъектілерінің, оның ішінде балалар отбасының қатысуымен ұйымда «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасын енгізеді.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды.
-конкурсқа қатысу туралы өтініш;
-жеке басын куәландыратын құжат;
-кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
-педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамалары мен біліктілік талаптарына
-сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
-еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
-«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы ҚР ДСМ – 175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
-психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
-наркологиялық ұйымынан анықтама;
-Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педаго-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зертеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы уәлік (болған жағдайда);
-11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтін бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы. Конкурсақа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілік арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірірмелері, алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылдың 12.03 – 20.03 дейін қабылданады.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны қағиданың тәртібіне сәйкес белгілінеді.
