Ашық сабақ өткізілді
N10 «Толқын» бөбекжай мен «Нұртас Оңдасынов» атындағы N5 орта мектеп арасындағы сабақтастығы қамтамасыз ету мақсатында мектепалды тобының тәрбиешілері Оразова К.Б., Ахмедова В.И. мектепке барып 1 сыныбында өткізілген ашық сабаққа қатысты. Ашық сабақ барысында оқытудың әдіс-тәсілдері, оқушының оқу әрекетін ұйымдастыру жолдары, бағалау және кері байланыс беру формалары талқыланды.



