Ораза айының соңғы күндерінде қайырымдылық ұйымдастырып, сауапты қадам жасады.
МКҚК «N10 «Толқын» бөбекжайы» ұжымы бір ауыздан Маңғыстаулық Дайнашов Өркен Ерболұлының қатерлі ісікпен күресіп жүргенін, бауырына жасалатын отаға қажетті қаржының жетпей жатырғанын естіп, ораза айының соңғы күндерінде қайырымдылық ұйымдастырып, сауапты қадам жасады.
Дайнашов Өркен Мұнайлы ауданындағы 4 орта мектепте дене шынықтыру мұғалімі болып қызмет етсе, әкесі де ұзақ жылдар білім беру мекемесінде директордың оқу ісінің меңгерушісі қызметтерін атқарып келе жатырған ұстаз. Сондай ақ, Өркен өлкемізге танымал педагог, ақын, халықтық педагогиканы зерттеуші, өлкетанушы, тіл және өнер саласының қайраткері — Шәрелхан Әлеханұлының жиен немересі.
Өлкеміздің барша білім беру саласының қызметкерлерін Өркеннің сауығып кетуіне өз үлестерін қосуға шақырамыз!



